CALL CENTER:
+7 (727) 390-8000
KZ
RU

Б2.png

 Жаңалықтар

20.02.2026

«Парковки Алматы» мобильді қосымшасында техникалық жұмыстар жүргізілуде.

Құрметті жүргізушілер!

Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты қазіргі уақытта iOS нұсқасындағы "Алматы Паркингтері" мобильді қосымшасында «Кейін төлеу» (Постоплата) төлем тәсілі уақытша қолжетімсіз.

Төлем тәсілдерінің бірі қолжетімсіз болған жағдайда, мобильді байланыс болмағанда немесе басқа да техникалық мәселелер туындаса, қолжетімді өзге төлем тәсілін таңдауыңызды сұраймыз.

Алдын ала төлеу бойынша қолжетімді төлем тәсілдері:

- almaty-parking.kz сайтында төлеу
- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы (Halyk Bank, Kaspi Bank, Bank Center Credit, Alatau City Bank, Freedom Bank, Forte Bank Kazakhstan)
- Төлем терминалдары арқылы (Касса24, Qiwi)
- Kcell, Activ, Beeline, Tele2, Altel абоненттері үшін SMS арқылы төлем
Сондай-ақ тұрақ сессиясы аяқталғаннан кейін төлемді «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы ағымдағы күннің сағат 23:59-ына дейін жүргізуге болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға рақмет.

Возврат к списку