LEZ — Шығарындылары төмен аймақ ең алдымен ауа сапасын жақсарту және қалалық ортаны сауықтыру үшін қажет. Ол қатаң экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтін көліктердің кіруін шектейді.
Аймақ операторы — Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының «Алматы паркинг» ШЖҚ КМК (Алматы қаласы әкімдігінің 25.02.2026 жылғы №1/119 Қаулысы).
Ластаушы заттар шығарындыларының деңгейі төмен аймақ келесі көшелердің квадратында белгіленген: Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігінде, Абай даңғылының солтүстігінде, Желтоқсан көшесінің шығысында, Достық даңғылының батысында (Алматы қаласы әкімдігінің 28.04.2026 жылғы №2/267 Қаулысы).
Анықтама: техникалық тексеру — автокөлік құралының пайдаланылған газдарындағы зиянды заттардың деңгейін және аймаққа кіру деңгейін анықтау мақсатында техникалық байқау желілері жүргізетін рәсім.